Шавкат Мирзиёев Дубай қаласында Нарендра Модимен кездесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 1 желтоқсан күні Дубай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті.
Екі ел арасындағы көпжақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Коммуникациялық технологиялар, фармацевтика, ғылым және білім, денсаулық сақтау, дәстүрлі медицина және йога салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мен бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.