17 қарашада Президент Шавкат Мирзиёев Термез қаласында құрылған Жастар индустриалды-кәсіпкерлік аймағының жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысының 2021 жыл 21 сәуірдегі шешіміне сәйкес республиканың барлық аймақтарында жастардың индустриялық-кәсіпкерлік аймақтары құрылуда. Бұл олардың бизнесін бастауға және жүргізуіне негіз болады.
Дәл осындай жағдай Термез қаласындағы махаллада да жасалған. 2 гектар аумақтағы ғимараттарда жалпы 42 жоба орналастырылған. Олар құрылыс материалдары, химия және мұнай-химия, жиһаз, тамақ және тоқыма өнеркәсібіне қатысты. Коммерциялық банктер арқылы ғимарат сатып алу, құрал-жабдық әкелу, өндірісті бастау үшін «Жас кәсіпкерлерді қолдау» қорынан жеңілдікті несиелер бөлінеді. Барлық кәсіпорындар іске қосылғанда 500-ден астам жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысы мұнда орналасқан кәсіпорындардың өнімдерін аралап көрді. Соның бірі – анар шырынын, көрші елдерге экспорттауда. Тағы біреуі киім-кешек, кілем тоқып, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз етуде.
Президент облыстың әр ауданында осындай индустриялық аймақтар құрып, елді мекендерде қолөнер мен үй шаруашылығын кеңейту қажеттігін баса айтты. Екі жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Сұрхандарияда жастар кәсіпкерлігін дамыту жөнінде арнайы шешім қабылдап, оған 50 миллион доллар бөлу жөнінде ұсыныс әзірлеу міндеті қойылды.
– Бүгінгі жас кәсіпкерлер – Жаңа Өзбекстанның өнімі. Олардың білімдері мен талпыныстары жаңа. Сондықтан индустриялық аймақтарды жастарға беру керек. Ол аудандар үшін дайын «жобалар фабрикасы» болмақ. Шенеуніктер тек кәсіпорындардың жаңашылдыққа, нарыққа шығуына көмектесуі керек. Ең бастысы – құн, сапа, бәсеке, – деді Шавкат Мирзиёев.
Сондай-ақ бұл өңір жастарының спорттық шеберлігі зор, бірақ олармен айналысатын спорт түрлерінің шектеулі екені айтылды. Сондықтан Сұрхандария жастарын спортқа тарту жөнінде шешім жобасын әзірлеу міндеті қойылды. Бұл мақсаттарға 30 миллиард сум бөлу көзделген. «Үчқизил» су қоймасында байдарка мен каноэде есу базасы ашылады.
Осы жерде жергілікті өнеркәсіп өнімдері көрсетілді, инвестициялық жобалар таныстырылды. Сұрхандария облысында жалпы құны 4 миллиард 600 миллион долларды құрайтын 82 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 4 миллиард доллары тікелей шетелдік инвестиция. Бұл жобаларда энергетика, химия, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдары, тоқыма және басқа да салаларда қосылған құны бар өнімдер мен ондаған мың жұмыс орындары ашылады.