Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев БАӘ делегациясын қабылдады
16:55 / 2023-11-22

22 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкімет істері министрі Мухаммад бин Абдулла әл-Гаргави бастаған делегацияны қабылдады.

Министр әл-Гаргави Мемлекет басшысына Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед Әл Нахаян және елдің вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірі шейх Мұхаммед әл-Мактум және вице-президент шейх Мансур Әл Нахаянның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Сұхбат барысында екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар жоғары қарқынмен дамып келе жатқаны атап өтілді. Сауда көлемі, бірлескен кәсіпорындар мен жобалардың саны тұрақты түрде артып келеді.

Қабылданған «Жол картасы» аясында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, басқарушы кадрларды даярлау және цифрлық үкіметті дамыту бойынша бірлескен бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда.

Мыңға жуық семинар, форум және оқыту курстары өтіп, онда 2 миллионға жуық мамандарымыз біліктіліктерін арттырды.

Кездесуде екі жақтың тиімді басқару, сауда әлеуетін дамыту, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, жоғары технологиялар, жасанды интеллект және басқа да салалардағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екені расталды.