Шавкат Мирзиёев Астанаға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұмыс сапармен Қазақстан астанасына келді.
Астана халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.


Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан Президенті бүгін Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысады.