Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияевтың жұмыс сапары аяқталды
22:01 / 2022-10-14

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 12-14 қазан күндері Астана қаласында жұмыс сапарымен болды.

13 қазанда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде сөз сөйлеп, сауда-экономика, көлік-логистика, экология, қауіпсіздік, Ауғанстан мәселесі бойынша маңызды бастамалар көтерді.

14 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

«Орталық Азия – Ресей» саммиті де өтті.

Сапар аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов шығарып салды.

Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.