Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияевтың Түркияға сапары аяқталды
00:52 / 2021-11-13

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Түркияға жасаған екі күндік сапарын аяқтады.

Осы сапары аясында Мемлекет басшысы Түрік кеңесінің сегізінші саммитіне қатысып, екіжақты кездесулер өткізді.

Саммит барысында сауда, инвестиция, «жасыл» экономика, цифрлық технологиялар, көлік, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, оның нәтижесінде 10-нан астам құжатқа қол қойылды.

Жаңадан аталған Түркі елдері ұйымының бірінші саммитін келесі жылы Өзбекстанда өткізу туралы шешім қабылданды.