Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияевтың Науаидағы сайлаушылармен кездесуі басталды
12:38 / 2021-10-13

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына үміткер Шавкат Мирзияев 13 қазанда сайлаушылармен кездесу үшін Науаи облысына барды.

Қазіргі сәтте сайлаушылармен кездесу басталып, атаулы кездесуді облыстағы үміткердің сенімді өкілі Өзбекстан Батыры Қуандық Санақұлов ашты.

Кездесуде сенімді өкіл соңғы жылдары Шавкат Мирзияевтің бастамасымен Өзбекстандағы жүзеге асырылған орасан зор жұмыстар, оның ішінде Науаи облысындағы, ірі әлеуметтік-экономикалық жобалар, олардың аймақты дамытудағы және халықтың әл-ауқатын жақсартудағы рөліне тоқталды.

Осы жылдың 24 қазаны күні Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау өтеді, бұл еліміздің тағдыры мен болашағы үшін өте маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Осы шараға байланысты Науаи облысында да дайындық пысықталуда екендігі айтылды.

Содан кейін Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзияевке сөз беріліп, үміткер дәл қазіргі сәтте сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасауда.