Шавкат Мирзияевтің самарқандық сайлаушылармен кездесуі басталды
Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Шавкат Мирзияев сайлаушылармен кездесу үшін 24 қыркүйекте Самарқанд облысына келді.
Шавкат Мирзияев алдымен Самарқандтағы «Әзрет Хизр» кешеніне және Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримов кесенесін зиярат етті.

Қазіргі уақытта облыстағы Жастар орталығында үміткердің аймақтық сайлаушылармен кездесулер өтуде.
Онда Шавкат Мирзияев сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасауда.