Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияевті Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтанға шақырды
19:43 / 2021-10-25

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті Шавкат Мирзияевті Өзбекстан Республикасының Президенттік сайлауында сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, бауырлас өзбек халқына тұрақты даму мен гүлдену тіледі және Өзбекстан басшысын Нұр-Сұлтанға сапармен келуге шақырды.

Сұқбат барысында, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мен көпжақты ынтымақтастықты, әсіресе экономикалық саланы кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің жетекші кәсіпорындары мен компаниялары арасындағы сауда мен кооперация қарқынды дамып келе жатқаны қанағатпен атап өтілді.

Тараптар аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.