Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияевтің намангандық сайлаушылармен кездесуі басталды
14:07 / 2021-09-27

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына үміткер Шавкат Мирзияев 27 қыркүйекте сайлаушылармен кездесу үшін Наманган облысына барды.

Қазіргі сәтте сайлаушылармен кездесу басталып, онда кандидаттың Наманган облысы бойынша сенімді өкілі, «Олий Мажлис» Сенатының мүшесі Икромхон Наджмиддинов жүргізуде.

Осы жылдың 24 қазаны күні Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау өтеді, бұл еліміздің тағдыры мен болашағы үшін өте маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Бұл шараға байланысты Наманган облысында да дайындық пысықталуда.

Дәл қазіргі уақытта Шавкат Мирзияев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасауда.

Еске сала кетейік, осы сапар аясында Мемлекет басшысы Әндіжан және Ферғана облысына да барып сайлаушылармен кездесуі жоспарланған.