Шавкат Мирзияев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 28 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барады.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен өтетін шараның күн тәртібінде ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылған.
Кездесуде Достастық елдердің басшылары жылдың негізгі қорытындыларын шығарып, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасады деп күтілуде.