Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев жастармен кездесті
10:36 / 2020-11-13

Президент Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына жасаған сапары аясында Қаршы қаласындағы Жастар орталығында болып, ондағы жағдайымен танысты және жастармен кездесті.

-Мен мұнда сендердің көзідерңе қарап, ашық сөйлесуге келдім. Мен барлық жастарды көргім келді, бірақ өкінішке орай бұл мүмкін болмады. Сіздер олардың сенімді өкілдері ретінде жер-жерлердегі мәселелер туралы, жастардың ой-мақсаттары туралы айтқаныңызды қалаймын. Сондықтан, ата-анаңызға не айтқыңыз келген болса, соны беймарал айтыңыз, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу жастардың мәселелерін шешу, жұмыспен қамту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру бойынша ашық диалог болып, «Жастар - біздің болашағымыз» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жылдық жоспарға қосымша қаражат бөлу қажет екендігі айтылды.

Мемлекет басшысы кездесуде жастардың ұсынысын қабылдап ауданда ІТ-парк құруды, электронды коммерция мен бағдарламалау дағдыларын тегін оқытуды тапсырды. Облыс жастарының спортқа деген қызығушылығын ескере отырып, мектептерде спорт залдарын салу және кешендердегі үйірмелер санын көбейту қажет екендігі сөз болып, дене шынықтыру және спорт министрлігінен тауарлық-материалдық құндылықтар мен құрал-жабдықтар сатып алуға 10 миллиард сум қаржы бөлу міндеті жүктелді.

- Егер сендер менен ең үлкен мақсатыңыз қандай, бақытыңыз не деп сұрасаңдар, мен былай айтар едім: жастарымыздың дүниетанымын әлемдік деңгейге көтеру, еңбекпен қамту, отбасылық бақытты көру, - деді Шавкат Мирзияев.