Президент Шавкат Мирзияев Нүкіс қаласында өтіп жатқан жастар фестиваліне барды.
Салтанатты шарада Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, жастарға үндеу жолдады.
«Жаңа ғана Бозатов ауданынан қайтарда жастар фестивалі өтіп жатқанын естіп, сіздермен кездескім келді. Өйткені мен қайда барсам да, міндетті түрде жастармен сөйлесуге тырысамын. Сіздердің көзіңізде, біліміңізде, болашаққа деген сеніміңізде Жаңа Өзбекстанды, Жаңа Қарақалпақстанды көріп, өзім үшін үлкен күш-қуат аламын, - деді Шавкат Мирзияев.
Кездесуде Президент алдағы бес жылда жоғары біліммен қамту деңгейі 50%-ға дейін өсетінін, ол үшін Қарақалпақстанда елдің 6 беделді университетінің және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары құрылатынын айтты.
Бұдан бөлек, алдағы бес жылда қала мен аудандағы Жастар орталықтары мен жалпы білім беретін мектептерде 100 мыңнан астам жастар шет тілдері мен IT технологиялар бойынша оқытылатын болады. Оларға тағыда 6 мың орындық жатақхана салынады.
Кездесуде жастар Президенттің осы сапарын қол соғып, қолдау көрсетті.





