Шавкат Мирзияев Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
Осымен Шавкат Мирзияевтың Жапонияға жасаған ресми сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 желтоқсанда Жапония астанасы Токио қаласында ел Императоры Нарухитомен кездесті.

Жапония Император жоғары мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, бұл сапар өзбек-жапон достығы мен стратегиялық серіктестікті нығайтудағы маңызды оқиға екенін және екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Император Нарухитоға жылы қабылы үшін үлкен құрмет білдіріп, Жапонияның «Рейва» жаңа дәуіріне қадам басқаны елдің өркендеуі мен әл-ауқатын арттыра отырып, үйлесімді дамуды жалғастыратындығын жеткізді.
Президент Шавкат Мирзияев пен оның жұбайы Зироат Мирзияева сапарына орай Жапония Императоры Нарухито мен оның әйелі Масако ханым тарапынан қабылдау рәсімі өтіп, салтанатты дастархан жайылды.



Осы кездесуден соң Шавкат Мирзияев Жапонияға жасаған ресми сапарын қорытындылап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының дәстүрлі бейресми отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып кетті.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.