Шавкат Мирзияев жаңадан тағайындалған елшілерді қабылдады
25 тамызда шет мемлекеттердің жаңадан тағайындалған елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтіп, онда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Румыния Елшісі Даниэль Кристиан Чобану, Польша Республикасының Елшісі Радослав Грук, Тәжікстан Республикасының Елшісі Абдужаббор Рахмонзода, Швейцария Конфедерациясының Елшісі Константин Оболбенский және Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннерден сенім грамоталарын қабылдап алды.
Мемлекет басшысы жаңа тағайындалған елшілерді Жаңа Өзбекстанды құруға бағытталған ауқымды демократиялық жаңарулар мен әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңызды тарихи кезеңінде Өзбекстанда дипломатиялық миссиясының басталуымен шын жүректен құттықтады.
Биылғы жылдың тамыз айының басында Түрікменстанда Орталық Азия көшбасшыларының кезекті Консультативті кездесуі табысты өткені айтылып, бұл аймақтағы тығыз ынтымақтастықтың күн тәртібін кең екенін тағы бір рет көрсетті.
Салтанатты шарада Өзбекстан басшысы Ауғанстандағы жағдайдың дамуына ерекше назар аударды. Бұл елдегі бүгінгі оқиғалар бүкіл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырғаны айтылды.






















