Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев өзбекстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
13:20 / 2021-03-21

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі «Хумо арена» мұз сарайында мерекеге орай ұйымдастырылған шараға қатысып Өзбекстан халқына құттықтау жолдады.

-Өткен жылда пандемияға байланысты біз Наурызды әдеттегідей тойлай алмадық. Сол кезде бұл мазасыз күндер артта қалатыны және біз көптеген мерекелерді халқымызбен тойлаймыз деген жақсы ниетпен жүрдік. Бүгінде сол тілектер оңынан туып, сұлу да келбетті елімізде қуанышты күндер басталуда.

Бүкіл әлем оянатын осынау керемет маусымда еліміздегі жаңа ояну дәуірі - Үшінші Ренессанс арманы бізге теңдессіз күш пен сенімділік әкелуде. Халқымыздың жанқиярлық еңбегімен біз ауқымды реформаларды батыл жүргізіп келеміз. Біз халқымыздың мүдделері мен аяулы балаларымыздың болашағы үшін қызмет ететін осы бір ғана дұрыс жолмен, қаншалықты қиын болса да, біз ешқашан шегінбейміз, - деді Шавкат Мирзияев.