Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Өзбекстан жастарының форумына қатысады
10:01 / 2020-12-25

Президент Шавкат Мирзияев бүгін Өзбекстан жастарының форумына қатысады.

Өзбекстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан айтулы шараны ұйымдастыру туралы бастаманы Мемлекет басшысы осы жылдың 20 қарашасында айтқан болатын.

18 желтоқсаннан бастау алған Ташкенттегі форумның аясы кеңейіп, елдегі барлық қалалар мен аудандарын қамтып алды. Ел  жастары министрлер және әкімдермен ашық диалог орнатып,  жетекші сарапшылар және қоғам белсенділерімен пікірталастарға қатысуға мүмкіндік алды.

Бүгінгі шара Өзбекстан жастар форумының қисынды қорытындысы болмақ. Президент форумда сөз сөйлейлеп, жастармен ашық диалог жасайды. Іс-шараға 3,3 мыңнан астам жан мен аймақтық студияларда 26 мың жас жігіт мен қыздар қатысады деп күтілуде.