Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтады
00:05 / 2022-01-01

Құрметті де қадірлі отандастар!

Сіздерді, барша көп ұлтты халқымызды, Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Осы қуанышты сәттерде баршаңызға тыныштық, денсаулық және бақыт тілеймін!

Өтіп бара жатқан жыл бойы біз сіздермен үлкен жұмыстарды атқардық.

Пандемия мен жаһандық дағдарысқа қарамастан, еліміз жоғары экономикалық өсімге қол жеткізді. Көптеген кәсіпорындар, кластерлер мен технопарктер, заманауи инфрақұрылым желілері салынды.

Жаңа тұрғын үйлер, балабақшалар мен мектептер, жоғары оқу орындары мен ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары пайдалануға берілуде.

Кәсіпкерлік қозғалысы, оның ішінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігі қарқынды дамып келеді.

Диқандарымыз бен фермерлеріміз биыл да тынбай еңбек етіп, мол өнім жинады.

Қалалар бен ауылдарымыз көркейіп, Жаңа Өзбекстанның әсем бейнесі қалыптасып келеді.

Білімді де жалынды жастарымыз үлкен жетістіктерімен халқымызды одан сайын қуантуда. Еліміздің халықаралық беделі артып келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз шетелдік әріптестерімізді, шет мемлекеттердің халықтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына бейбітшілік пен амандық тілейміз.

Қымбатты достар!

Еліміздегі ауқымды реформаларымыз тұрақты түс алды.

Оларды одан әрі дамыту мақсатында біз Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын әзірледік.

Соның негізінде біз «Адамның қадір-қасиеті үшін» деген ұлы идеяны жүзеге асыратын боламыз.

Адамның қадір-қасиетін қастерлеу – елімізде тұратын әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

2022 жылы экономикамыздың салаларын және кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға басты назар аударылады.

Халықтың табысын арттыру, жалақыны, зейнетақыны, стипендия мен жәрдемақыны көбейту бойынша маңызды жұмыстарды жалғастырамыз.

Әлеуметтік саланы, әсіресе, денсаулық сақтауды, білім мен ғылымды дамытуға барлық ресурстар жұмылдырылады.

Өзбекстанды одан әрі дамыту, заманауи тұрғын үйлер, соның ішінде барлық аймақтарда «Жаңа Өзбекстан массивтерін» салу біздің басты міндеттеріміздің бірі болмақ.

Құрметті де қадірлі отандастарым!

Баршаңызды Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл құтты әрі берекелі келсін!

Қарияларымыздың өмірін, жастарымыздың кемелдігін берсін!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Жаңа жыл бәрімізге құтты болсын!

Шавкат Мирзияев,

Өзбекстан Республикасының Президенті