21 наурызда Ташкент қаласындағы «Humo Arena» кешенінде Наурыз мерекесі өтті.
Шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев қатысып, халықты мерекемен құттықтады.

21 наурыз. Ташкент қаласының орталығындағы тамаша «Humo Arena» кешені мерекелік безендіріліп, Наурыздағы дәстүр бойынша, халық ойындары, түрлі көңілашар қойылымдары ұйымдастырылды және ақ тастарқанға көктемгі тағамдар тартылды.

Айтулы шарада әр тараптан естілген керней- сырнайдың үні мерекенің басталғанын хабарлап тұрды.

Салтанатты жиынға қатысушылар Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевті ду қол шапалақтап қарсы алды.
Мемлекет басшысы баршаны Наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз – адамзаттың ең көне және мәңгілік мерекелерінің бірі. Қазіргі кезде бұл мерекені жер бетінде үлкен қуанышпен қарсы алады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2010 жылғы 23 ақпандағы қарарымен 21 наурыз бүкіл әлемде Халықаралық Наурыз күні ретінде тойланады.

Дүние жүзінде ұлттық мерекелер көп болса да, шығыс халықтарының жаңа жылы – Наурыз қалайша дүниежүзілік мерекеге, жалпыадамзаттық құндылыққа айналды? Өйткені Наурыз әрқашан бейбітшіліктің, келісімнің, достықтың, елге, табиғат-анаға деген сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз бұл күнді мейірімділік, төзімділік пен теңдіктің көрінісі ретінде атап өтті.

Наурыз мейрамында табиғатта болып жатқан ояну мен жаңару мемлекеттегі өзгерістерге сәйкес келеді. Соңғы бес жылда іс-қимыл стратегиясы негізінде барлық бағыттар дамып, өңірлердің келбеті жаңарды.

«Наурыз бізді туған жерді әрқашан қастерлеуге, әр өскінді аялай білуге, табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуге үйретеді, мейірімділікке, адамгершілікке, жомарттыққа шақырады. Осы тамаша уақытта біз бейбітшілік пен тыныштықтың баға жетпес байлығын, олардың зор маңызын ерекше түсінеміз. Біз бүгінгі аласапыран заманда халықтың бақуатты өмірін қамтамасыз ету, балалар мен немерелердің болашағы, Отанымыздың ашық аспаны үшін жауапкершілігімізді одан сайын тереңірек түсінеміз», - деді Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы мерекелік шараға қатысқан дипломатиялық корпус өкілдері мен шетелдегі отандастарды шын жүректен құттықтады.

22 наурыз күні аталып өтілетін «Махалла қызметкерлері күні» мерекесіне орай сала белсенділеріне, ақсақалдарға, әкімнің көмекшілеріне және жастар көшбасшыларына құттықтаулар айтылды.

Мерекелік іс-шара әр-түрлі мерекелік бағдарламамен жалғасты.

Бұдан кейін Президент Шавкат Мирзияев халықтық фестивальдерге қатысып, ұлттық мәдени орталықтардың, фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың өнерлерін тамашалады.

Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен әңгімелесіп, оларды мерекемен құттықтады.