Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын Жаңа 2021 жылмен құттықтады
00:00 / 2021-01-01

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын Жаңа - 2021 жылмен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді, құрметті ханымдар мен мырзалар, қымбатты апа-сіңлілер, жастар - барша көпұлтты халқымызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін!

Барлығымызға сыр емес 2020 жыл бүкіл әлемде болғаны сынды, біздің ел үшін де ауыр және сынақты жыл болды. Коронавирустық пандемия, жаһандық дағдарыс адамзатты ауыр кезеңнен өткізуде.

Дәл осындай қиын жағдайға қарамастан, біз қайсар және асыл адамдарымыздың табандылығы мен жанқиярлығының арқасында барлық салада үлкен өзгерістер жасадық.

Экономикамыздың жетекші салаларын дамытып, ондаған жаңа жоғары технологиялық кәсіпорындар мен көлік жүйелерін іске қостық. Заманауи тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлер, балабақшалар мен мектептер, ауруханалар, мәдениет және өнер, спорт нысандарын салдық.

Аяқталып келе жатқан жыл біздің қоғамның рухани-ағартушылық өмірінде де маңызды оқиғаларға бай болды.

Қадірлі отандастар!

Біз 2021 жылды жақсы ниетпен және үлкен жоспарлармен «Жастарды қолдау және қоғамдық денсаулық сақтау жылы» деп атадық.

Жаңа жылда біз экономикалық және әлеуметтік салада бастаған ауқымды реформаларды дәйекті түрде жалғастыратын боламыз. 

2021 жылы еліміз тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Баршамыз осы мерейлі датаны, бірге тойлаймыз.

Жаңа Өзбекстанды құру мен ұлттық өркендеу негізін қалау жолындағы ұлы жұмысымызды әрі қарай да жалғастырамыз.

Менің қымбатты отандастарым!

Осынау әдемі кеште бәріміздің ниетіміз, тілегіміз бір: елімізде тұратын әрбір отбасы, әрбір адам мұрат-мақсатына жетсін!

Өзбекстанымыз өркендеп, әлемде тыныштық болсын!

Келе жатқан 2021 жыл Отанымызға бақыт-береке, жаңа жетістіктер мен жеңістер әкелсін!

Жаңа жыл баршамызға құтты болсын!

Шавкат МИРЗИЯЕВ,

Өзбекстан Республикасының Президенті