French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын құттықтады
10:55 / 2020-10-21

Құрметті отандастар!


Құрметті отандастар!

Сіздерді, бүкіл халқымызды бүгінгі ұлы мереке - Өзбек тілі мерекесімен шын жүректен шын жүректен құттықтаймын.

1989 жылы 21 қазанда өте күрделі қоғамдық-саяси жағдайда елімізде «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның қабылдануы ұлттық тәуелсіздік жолындағы маңызды қадам болғандығы бәріміздің есімізде.

Қоғамның, халқымыздың тілектерін ескере отырып өткен жылы осы тарихи датаны Өзбек тілі күні ретінде атап өту туралы заң қабылдағанымыз баршаңызға белгілі. Бүгін елімізде алғаш рет кеңінен атап өтіліп жатқан бұл мереке біздің рухани өмірімізде мықты әрі лайықты орын алады деп сенемін.

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі күнде біз жаңа Өзбекстанды, жаңа Ренессанс құру сынды асыл мақсаттарға жету үшін ана тіліміздің өмірлік күшіне арқа сүйейтініміз сөзсіз.

Өйткені ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан бізге жеткен ана тіліміздің дамуы мен болашағы туралы алаңдау - бұл ұлттың өзін-өзі тануын, оның рухани жетілуін көтеру жолындағы күресін білдіреді. Мемлекеттік тілдің беделі - бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның беделі.

Қазіргі таңда әлемде өзбек тілді сөйлесушілер саны 50 миллионға жуық болуы оның әлемдегі ең ірі тілдердің біріне айналып отырғандығын көрсетеді.

Шет елдердегі 65 жоғары оқу орындарында өзбек тілі мен әдебиеті зерттелуде және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізетін шетелдік ғалымдардың саны өсуде.

Кеше ғана Ауғанстан Ислам Республикасында Өзбек тілі күніне арналған шаралар алғаш рет мемлекеттік деңгейде атап өтуді еліміз жұртшылығы және бүкіл өзбек халқы үлкен қуанышпен қолдады.

Осы мүмкіндікті пайдалана тұрып, бауырлас Ауғанстан мемлекетінің басшылығына өзбек тіліне ресми тіл мәртебесін бергені және оған көрсетілген үлкен көңіл мен құрмет үшін тағы бір рет шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Мен халқымыздың атынан осы ежелгі өлкеде тұратын барлық отандастарымызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Құрметті және қымбатты отандастар!

Сіздерді Өзбек тілі мерекесімен тағы бір рет шынайы құттықтаймын.
Барлығыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға тыныштық пен береке тілеймін.
Өзбек тіліміз әрдайым бейбіт өмір сүріп, әрдайым мақтан боп жаңғырсын!

Шавкат МИРЗИЯЕВ,
Өзбекстан Республикасы Президенті