Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Құрметті отандастар! Сіздерді, бүкіл ислам әлемі асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын
Құрметті отандастар!
Сіздерді, бүкіл ислам әлемі асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Осынау қассиетті мерекеде сіздерге, бүкіл ел-жұртымызға зор денсаулық, бейбітшілік пен бақыт тілеймін.
Әлем елдерін шарлағаны сынды біздің елдіде айналып өтпеген сынақты кезең - коронавирус пандемиясы жағдайында біз Құрбан айттың қоғамымыздың өміріндегі ерекше рөлі мен маңыздылығын терең сезінудеміз.
Әсіресе, осы мерекенің мәні маңызы болған игі де ізгі амалдар жасап өмір сүру, өзара көмек қолын созу, жомарттық пен шыдамдылық, ризашылық пен бейбітшілік сияқты ұлы қасиеттер бүгін ерекше мәнге ие. Сол тұрғыдан дәл осы сынды ұлы қасиеттеріміз бүгінгі сынақты кезеңде төзімділік пен шыдамдылық көрсететін құндылықтарымыз деп сеніммен айтуға болады.
Мемлекетіміз бен қоғамымыз қабылдаған барлық қажетті шараларға қарамастан, өкінішке орай, біздің отандастарымыздың арасында осы аурудан қайтыс болғандар да болды. Олардың отбасыларына және жақын туысқандарына шын жүректен көңіл айтамын, барлығына шыдамдылық тілеп Жаратушыдан марқұмдардың жаны жәннаттық болсын деп тілеймін.
Әрине, пандемияның салдарынан қоғамдық іс-шараларды, Құрбан айт мерекесін көпшілік пен бірге өткізуге белгілі бір шектеулер тудырғаны бәріміге белгілі.
Қасиетті Құран кәрімде де қайырымдылықтың, ізгіліктің сауабы тек жақсылық екендігі еркеше айтылғаны, осы қиын күндерде біздің қоғамдағы мейірімділіктің, жомарттық пен кеңпейілділіктің, өзара түсіністік, келісім мен ынтымақтастықтың өсіп келе жатқаны байқалады.
Шынында да, осы қиын-қыстау күндерде Аллаһ Тағаланың өзі игі істерге жаңа мүмкіндіктер ашып беруде. Бұл тұрғыдан пандемияның кесірінен жұмысынан айрылып, тұрақты табыс көзінен қол үзген адамдарға көмек көрсетуді отандастарымыздың азаматтық парыз санайтындығы мақтауға тұрарлық-ақ. Расында да, қасиетті хадистерде айтылғандай, нағыз мұсылман өзіне қалағанды өзгегеде лайық көргендігі ғой.
Міне осындай асыл азаматтарымыздың күш-жігерінің арқасында елімізде құрылған «Жомарттық пен қолдау» жалпыұлттық қозғалысы бүгінде нағыз қуатты күшке айналды.
Бұл ізгі істің қисынды жалғасы ретінде мен бүгін қол қойған Жарлыққа сай, пандемия кезінде күн көрісі төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында бұған дейін бөлінген 10 трлн сум қаржыға қосымша республикалық бюджеттен тағы 2,5 трлн сум бөлуді қарастырады.
Сонымен бірге, қоғамда бейбітшілік, достық, мейірімділік және ынтымақтастық идеяларын кеңінен насихаттайтын діни сала өкілдерін материалдық ынталандыруға және өңірлерде қайырымдылық пен ізгі амалдарды жаңа деңгейге көтеруге, ағартушылық сынды жұмыстарды кеңінен насихаттаушы шараларды қолдау ниетінде Өзбекстан Мұсылмандар діни басқармасы жанындағы «Вақф» қоғамдық қайырымдылық қорына 150 млрд сум қаржы бөлінді.
Құрметті отандастар!
Осынау қасиетті мерекеде, Алланың мейірімі нұр шашып тұрған күнде мен барлық мұсылман бауырларымызды, шетелдік достарымызды және әлемнің қай тұсында болмасын алыс шетелдердегі серіктестерімізді шын жүректен құттықтаймын және оларға бейбітшілік пен ұзақ ғұмыр тілеймін.
Барлық ниеттеріміздің орындалуын, Жаратушының өзі біздің елді әр түрлі апаттардан қорғауын, бірлік, достық және ынтымақты дәріптеуші сезімдеріміз одан сайын күшейуін сұраймын.
Отанымызбен отбасымызда әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын!
Игі бастамамыз бен оң ісімізде Жаратқан Алла әрқашан жар болсын!
Шавкат Мирзияев,
Өзбекстан Республикасының Президенті