Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Қытайдағы Өзбекстан елшілігінде болды
21:54 / 2019-04-26

Қытайда жұмыс сапарымен жүрген Президент Шавкат Мирзияев 26 сәуірде Өзбекстанның Бейжің қаласындағы елшілігінің жаңа ғимаратын барып көрді.


Қытайда жұмыс сапарымен жүрген Президент Шавкат Мирзияев 26 сәуірде Өзбекстанның Бейжің қаласындағы елшілігінің жаңа ғимаратын барып көрді.

БЕЙЖІҢ, 26 сәуір.
ӨзА арнайы корреспонденті
Матназар ЭЛМУРАДОВ хабарлайды.

Соңғы жылдары Өзбекстан-Қытай қарым-қатынастары барлық салаларда, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы белсенді дамып келеді.

Дипломатиялық миссиямыздың үш қабатты жаңа ғимараты ферғаналық шеберлерінің қатысуымен ұлттық дәстүрлер мен заманауи сәулеттік жетістіктер негізінде салынған. Ғимарат Бейжіңдегі Чаоянг қаласының бизнес ауданында, АҚШ, Жапония, Малайзия, Сингапур сияқты елшіліктермен қатар орналасқан.

Бұл жерде Өзбекстан Республикасының азаматтарын қабылдау, сапалы консулдық қызмет көрсету, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау үшін барлық жағдай жасалған.

Бірінші қабатта келіссөздер және мәдени іс-шаралар өткізу үшін көзделген «Самарқанд», «Бухара», «Хива» және «Коканд» залдары орналасқан. Ғимарат қақпасынан кіре берісінен-ақ халқымыздың дәстүрлері мен бай мәдениеті көрініс табады.

photo5337035712333196128.jpg

Мемлекет басшысы мұндағы жағдай мен танысып, біліп, ұлттық стильде жасалған әшекейлерді көріп қуанышты екенін айтты және Қытай тарапының біздің елмен ынтымақтастыққа жоғары зейінінің үлгісі екенін атап өтті.

Бұл елшілік әртүрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтатын және мәдениеттерді байыта отырып, халықтарымыз арасын жақындастыру орталығы болады. Өзбекстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды дамытуға қызмет етеді.

photo5337035712333196130.jpg

photo5337035712333196131.jpg

photo5339253487415962802.jpg

photo5339253487415962800.jpg

photo5337035712333196129.jpg