Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Қытай парламенті басшысымен кездесті
13:01 / 2019-04-26

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 26 сәуір күні Бейжіңде Бүкілқытай Халық өкілдері кеңесі Тұрақты комитеті төрағасы Ли Чжаньшу мен кездесті.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 26 сәуір күні Бейжіңде Бүкілқытай Халық өкілдері кеңесі Тұрақты комитеті төрағасы Ли Чжаньшу мен кездесті.

Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық форумының өтуі және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған бастамалардың іске асырылуы халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, достық пен тату көршілікті нығайтуға және кең аймақта өзара түсіністікке қол жеткізуге қызмет ететіні жайлы айтты.

320afe44-dd82-7a7d-095b-4d2b0334dde0.jpg

Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасымен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын айқындап алғаны, және олар екі ел арасындағы көп жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

Ли Чжаншан екі елдің екіжақты қарым-қатынастарында қол жеткізген жоғары деңгейді шынайы ықыласпен жеткізді.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынастар сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық, мәдени-гуманитарлық және басқа да көптеген салаларда қарқынды дамып келе жатқандығына айрықша назар аударды.

Өзбекстан мен Қытайдың заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастығының арқасында жақсы тәжірибе жинақталған. Парламенттік делегациялардың кездесулері үнемі өткізіліп отырады және осы саладағы серіктестік тұрақты түрде дамып келеді.

Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына парламенттік қадағалауды күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, парламентаралық диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен байытуға және жаңа бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетуге қызмет етеді деп атап өтті.

Бүкілқытай Халық өкілдері кеңесі Тұрақты комитеті төрағасы екі ел арасындағы қол жеткізілген кең көлемді әріптестік пен келісімдердің ауқымын одан әрі ұлғайтуға өз үлесін қосуға дайын екендігін айтты.

195e4577-50a8-c4da-154d-d378887e1c9d.jpg

Ли Чжаншан елдегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды, олардың нақты нәтижелерін және тиімділігін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Өзбекстан Президентінің саясаты мен реформалары өзінің ұстанымы мен мақсатына байланысты Шавкат Мирзияевті Қытайдың ұлы реформаторы Ден Сяопинмен салыстыруға толық негіз болады.

Кездесу соңында парламентаралық байланыстарды тереңдету және тиімді реформалар мен жаңғырту тәжірибесін зерделеу мақсатында қосымша іс-шаралар өткізуге уағдаласты.

0805495d-13f7-07fc-6e7f-fdd5e677ecde.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.