Шавкат Мирзияев әйелдерді Халықаралық мерекесімен құттықтады
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі
Бүгін Ташкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай үлкен салтанатты кеш ұйымдастырылып онда Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы ардақты жандар әйелдер қауымын осы төл мерекесімен құттықтады.
Осы ұйымдастырылған шарада Мемлекет басшысы өз сөзінде: - жер бетінде адамзат пайда болғалы қасиетті Ана, асыл әйел бейнесін дәріптеу мен әрқашан мадақтап келеді. Аналарымыздың арқасында Отанымыз топырағы жәннат бауларындай әсемде қастерлі. Ардақты аналарымыздың тілеген дұғасынан еліміз тыныш, аспанымыз ашық, тірлігімізде бен өмірімізде береке бар, деді.

Бүгінгі таңда Өзбекстанның гүлденіп өркендеуіне өз үлесін қосу мен қатар жас қыздарға тәлім-тәрбие беретін үздік ұстаздарға келесі жыл 8 наурыз мерекесінен бастап жыл сайын әр облыстан лайық деп табылған екі өкілді мемлекеттік марапатпен наградалауын ұсынды. Ал кешке жиналған әйелдер қауымы осынау ұсынысқа қолдау көрсетті.


