19 сәуірде Өзбекстан Президент Шавкат Мирзияев «Uzbekistan airways» және «Uzbekistan airports» АҚ өзгерту жөніндегі іс-шаралар таныстырылымына қатысты.
Отандық әуекомпанияларды трансформациялаудағы басты назар экономикалық тиімділікті арттыру болып табылады. Осы орайда, «Uzbekistan airways» компаниясының шығындарын 46,5 млн долларға азайту көзделген. Осы мақсатта компаниядағы және оның еншілес ұйымдарындағы жұмыс орындарын оңтайландыру, пайдаланылмаған 12 ұшақты жою, шетелге авиабилеттерді сату бойынша агенттер комиссиясының пайызын төмендету жоспарлануда.
Сонымен қатар пайда көлемін жылына 40 млн долларға арттыру болып, ол үшін сұранысы жоғары қалаларға чартерлік рейстер мен жаңа бағыттар бойынша жүк тасымалдауды, барлық ішкі рейстерге онлайн тіркелуді және орындарды таңдау мүмкіндігін енгізу көзделіп отыр.
Жаңа бизнес-стратегияға сәйкес рейстер будандастырылады және толық қызмет көрсету мен бюджеттік қызмет көрсету моделіне негізделеді. Сұранысы төмен бағыттардағы бизнес-класс орына қарапайым орын саны көбейтіледі.
Осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап 4 дана А-320 ұшағында арзан бағада рейстер қою жоспарланған. Алыс бағыттағы маршруттарды дамыту үшін 3 дана А321 NEO LR «әуе кемесін» жалға алу, ішкі рейстер санын аптасына 17-ден 49-ға дейін көбейту көзделген.
Жобада, жолаушыларға қолайлылықты арттыру мақсатында саланы цифрландыру мен қатар, «Aerolabs» онлайн-сервистік жүйесі және тұтынушыларды басқару үшін CRM кешені енгізіледі.
Презентациялық шарада қатысқан Президент Шавкат Мирзияев қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен сапасын арттыру арқылы тұрғындарды әуе сапарына тартуды арттыру керектігін айтты.
Табыс көлемін ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылғандықтан, Ташкент халықаралық әуежайында жүк терминалын салу, Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы транзит көлемін ұлғайту, әуежай аумағын кеңейту арқылы сауда мен қызмет көрсету көлемін ұлғайту жоспарлануда.



