Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шараға қатысты
21:10 / 2021-08-31

Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.

Атаулы салтанатты шараға сенатор, депутат, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғылым мен мәдениет жанашырлары, зиялы қауым мен жастар қатысуда.

Шара барысында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев сөз сөйлеп: - көп ұлтты Өзбекстан халқы сүйікті Отанымыз тәуелсіздігінің отыз жылдығын үлкен қуаныш және салтанатпен қарсы алуда. Бүгін біз бірінші рет Тәуелсіздік күнін «Жаңа Өзбекстан» деп аталатын көркем саябақта тойлап жатырмыз. Осыған орай, сіздерді, сіздің кейпіңіздегі барлық халқымызды шын жүректен құттықтаймын және шынайы және ізгі тілектерімді білдіремін, - деді Мемлекет басшысы.

Мерекелік шарада Мемлекет басшысы биылғы өтетін президенттік сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

- Осы жылдың 24 қазанында елде Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Соңғы бес жылда біздің елдің ұлттық сайлау заңнамасында елеулі өзгерістер орын алды. Жетекші халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаңа Өзбекстанда сайлау заңнамасының біртіндеп жетілдірілуі мен сайлау өткізу тәжірибесі сапалы жаңа деңгейге көтерілді.

Бұл Президенттік сайлау алғаш рет 2019 жылдың 25 маусымында қабылданған Сайлау кодексінің негізінде өтеді. Бұл сайлау барлығымыз үшін өте маңызды саяси оқиға, ол Өзбекстанның болашақ дамуы, балаларымыздың, отбасымыздың, еліміздің болашағын қалай құруға болады деген маңызды сұрақтарға жауап береді, - деді Шавкат Мирзияев.