Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы Технопарк құрамынадағы жаңа кәсіпорындардың қызметімен танысты.
7 блоктан тұратын бұл Технопаркте жалпы құны 365 млн долларлық 17 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы мұнда электронды газ есептегіш, тұрмыстық тоңазытқыш, өндірістік салқындатқыш пен салқындату жүйелері, су сорғылары, лифт және эскалатор, қалыптарды шығаратын алты жобаны іске қосылған еді.
Биыл тағы 4 кәсіпорында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, Мемлекет басшысы осы жаңа қондырғыларды - есік пен жақтауларға арналған фурнитуралар мен аксессуарларды, панельді жылыту радиаторларын, алюминий композиттік панельдер мен металл құрылымдарды өндіру процесінің жұмысымен танысты.
-Бұл кәсіпорындардың экономикалық маңызы өте зор. Бірақ мені көбірек қуантатыны - жастардың шеберлігі мен сенімділігі. Қазіргі жастар оқыған кезде мұндай жабдықтар болған емес. Біз осы жұмыстарды 15 жыл бұрын бастаған кезде балаларымыздың білім деңгейі бүгінде мүлде басқаша болар еді, - деді Шавкат Мирзияев.



Фурнитура мен аксессуарлар жобасының құны - 20 млн доллар болып, ғимарат толық Түркиядан келген заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда қазір 450 жұмыс орны ашылған. Компания есік пен жақтау үшін жылына 6 миллион дана фурнитура мен аксессуарлар шығару мүмкіндігіне ие. Бұл 10 млн доллар импорттың орнын басу мен 3 млн доллар экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5 түрлі модификациялы панельді жылыту радиаторларын шығаратын кәсіпорынның жобалық құны 19 млн доллардан асады, қуаттылығы жылына 640 мың дана. Еуропалық технология негізінде жасалған мұндай радиаторлар ішкі нарықта да, шетелде де сұранысқа ие. Нәтижесінде 6 млн доллар импорт орнын басатын және 8 млн доллардан астам өнім экспорттау жоспарланып отыр. 250 адам жұмыспен қамтылған.
Алюминий композитті панель зауыты да экономикалық жағынан тиімді болып, ондағы жасалған 432 мың дана өнім 10 млн доллар импорт орын толықтырады және 3 млн экспортты қамтамасыз етеді. Осы мүмкіндіктер үшін 2 млн долларға Қытай технологиясы орнатылды. 80 жұмыс орны құрылды.
Металл конструкцияларын шығаруға арналған жоба құны 29 млн доллар. Тиісінше, импортты алмастыру деңгейі де салыстырмалы түрде жоғары - 16 млн доллар. Сондай-ақ 1,5 миллион долларлық экспорт жоспарланған. Кәсіпорын итальяндық технологиямен жабдықталған және сэндвич-панельдердің 3 түрін және қара және жеңіл металл құрылымдарының 2 түрін шығарады. Мұнда 350 адам жұмыс істейді.
Жаңа кәсіпорындардағы локализация деңгейі 35-40 пайызды құрайды. Өнімдер Ресей, Украина, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан және Ауғанстан сынды он шақты елге экспортталуда.










