Жалпы құны 280 миллиард сумнан асатын жаңа құрылыс жобасын ТҮркияның «Каloyn» компаниясы және Ташкент қаласы әкімдігі бірлесе атқарады
4 маусымда Президент Шавкат Мирзияев Ташкенттегі салынатын жаңа жол мен көпір құрылысының жобасымен танысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы бүгінгі сапары аясында жалпы құны 280 миллиард сумнан асатын жаңа құрылыс жобасымен танысқан болып, жабаның негізі тұсы қаланың оңтүстік шетінде орналасқан Сергели ауданын Ташкент қаласының орталығын мен тікелей байланыстырушы жол және көпір құрылысы.
583 мертлі көпір ұзындығы мен 5,6 шақырымды жол ұзақтығын құрайтын жаңа жобаның құрылысын Түркияның «Каloyn» компаниясы және Ташкент қаласы әкімдігі бірлесе атқарады. Атаулы жоба құрылысының нәтижесінде қазіргі кездегі бір ғана жолдың мүмкіншілігі артып, көлік кептелісі 50 пайызға азаймақ. Сонымен қатар жол қозғалысын дұрыс басқару нәтижесінде жылына 19 миллион долларлық жанармайдың үнемделуімен 129 миллион доллар шамасында шығынның алдын алуға болады екен. Немесе автобустардың саны мен бағыттарын оңтайландыру арқылы жылына 2,5 миллион доллар экономикалық тиімділікке қол жеткізу тұсыда жоқ емес.
Тұжырымдаманың тағы бір артықшылығы автоматты төлем жүйесі енгізілген автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін көбейту сынды бірқатар ыңғайлылықтар қарастырылған.




