Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысады
17:38 / 2022-03-23

Ертең, 24 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысады. Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

Форумда ЕҚДБ президенті Одиль-Рено Бассо, Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакава, Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Халид әл-Фалих, Дүниежүзілік сауда ұйымының вице-президенті Сянчэн Чжан, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті Константин Лимитовский, Халықаралық қаржы корпорациясы вице-президенті Стефани фон Фридербург қатысады.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін сессияны BBC World News халықаралық арнасының жаңалықтар жүргізушісі ретінде танымал, қазір Еуропалық қайта құру және даму банкінің коммуникациялар жөніндегі директоры Джонатан Чарльз жүргізеді.

Бүгін Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов бастаған Ресей делегациясын қабылдайды.