English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы кондитерлік фабриканың жұмысымен танысты
15:16 / 2022-02-18

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев махаллалардың тыныс-тіршілігімен, өндірістік жобалармен танысу үшін мақсатында Ташкент қаласының «Янгихайот» ауданына барды.

Мемлекет басшысы алдыменосы аудандағы «Almerro Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты.

Жалпы құны 70 миллиард сумды құрайтын кәсіпорын екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең өткен жылдың қараша айында іске қосылды. Жаңа ғимарат салынып, Түркиядан заманауи технологиялар әкелінді.

Бүгінде кәсіпорын жылына 2 мың тоннаға жуық кондитер өнімдерін шығаруға қауқарлы. Мұнда шоколад, кәмпит, печенье, вафли сияқты 95 түрлі өнім шығарылады. 120 адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысы кондитерлік өнімдердің сапасын бақылап көрді.

– Сапасы жақсы, шетелдікімен бәсекеге қабілетті. Бағаны төмендетудің тағы бір мүмкіндігі бар. Мәселен, импорттық қоспаларды шикізат күйінде алып, осы жерде өңделсе, құнын 10-15 пайызға төмендетуге болады. Сонда өнім жақсы сатылып, қосымша жұмыс орындары ашылады, – деді Шавкат Мирзияев.

Зауыттың екінші кезеңі іске қосылғаннан кейін жылдық қуаттылығы 10 мың тоннаға жетеді. Өнімдердің бір бөлігін көршілес елдер мен Моңғолияға экспорттау көзделген.