French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы құрылыс нысандарын аралады
13:36 / 2020-02-28

Мұнда жалпы саны 1120 пәтерді құрайтын 17 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған


28 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласы Мырза Ұлықбек ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді.

Мұнда жалпы саны 1120 пәтерді құрайтын 17 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланып, қазірде 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының ішкі жұмыстары жүргізілуде.

-Қала тұрғындары қазірде коммуналды қызметтер сапасыздығынан наразы. Нысандарды эксплатация жасаушы тұрақты ұйымдар мен білікті кадрлар жетіспейді. Жаңа құрылған ғимараттар ескі жүйеге жалғанғаны тағы бар. Бүкіл кварталға сонау алыстағы станциядан жылу беріледі. Егер сіз мұны ақылмен жасасайтын болсаңыз, коммуналдық төлемдерді 50 пайызға дейін төмендетуге болады » - деді Шавкат Мирзияев.

Осы ауданда тағы бірнеше 9, 16 және бір 25 қабатты үй салу мен барлық үйлер 2020 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі жоспарланған.