Шавкат Мирзияев Тақиятас жылу электр станциясына барды
Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасына жасаған сапары аясында Тақиятас жылу электр станциясында болды
Тақиятас жылу электр станциясында әрқайсысының қуаты 230-280 МВт қуатына ие екі бу газ қондырғысы салынуда.
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанға жасаған сапары аясында осы инвестициялық жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
- Елімізде өнеркәсіпті дамыту жолында үлкен бастау алғанбыз және оған тікелей шетелдік инвестицияларды тартып жатырмыз. Біріншіден, оларға мықты инфрақұрылым қажет. Бұл жоба Қарақалпақстан мен Хорезмде электрмен жабдықтауды жақсарту, сонымен қатар күзде және қыста халықты электрмен үздіксіз қамтамасыз етуде маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Осы сынды стратегиялық жұмыстар басқа өңірлерде де жүргізілуде. Атап айтсақ, Турақурған жылу электр стансасы салынуда, Науаиы ЖЭС және Ферғана жылу электр орталығы түптен модернизациялануда. Ал, Тақиятастағысы ЖЭС-та солар қатарындағы төртіншісі.
Президенттің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес іске асырылып жатқан бұл жобаның жалпы құны 678,2 миллион долларды құрайды. Станцияның жалпы қуаты, екі бу-газ құрылғысының іске түсуімен 730 МВт-тан 1003 МВт-қа дейін артады. Бұл дегені газдың жылдық үнемделуі 488,6 млн текше метрді құрайды. Сонымен қатар, жыл сайын су тұтыну 293 миллион текше метрге азаяды. 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады дегені.
Тақиятастағы ЖЭС-те бу-газ жабдықтары биылғы жылдың қазан айында, дәл осы сынды екінші құрылғы келесі жылдың қаңтарында іске түседі.
Аталған жобаны Оңтүстік Кореялық «Hyundai Engineering Co Ltd.» және «Hyundai Engineering & Construction Co. Ltd.» компаниялары мен бірге жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы осы компаниялардың өкілдерімен кездесіп сұхбаттасты.

Сонымен Мемлекет басшысының Қарақалпақстан Республикасына жасаған сапары аяқталды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.