Шавкат Мирзияев Тұңғыш Президентті еске алып құрмет көрсетті
Тұңғыш Президентті еске алу шарасында құран оқылып, оның ел үшін атқарған қажыр-қайтартты қызметі мен асыл адами қасиеттері туралы айтылды
Бүгін 30 қаңтар күні Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президентінің туған күніне орай Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Ислам Каримовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Бүгінгі күнде Мемлекет басшысының шешімімен Тұңғыш Президенттің дүниеге келген күнін яғни 30 қаңтарды атап өту жақсы дәстүрге айналды. Оны “Бұл күнді лайықты өткізу біздің тарихымызға, тәуелсіздігімізге болған құрметіміз бен ұлт ретінде мәдениетімізді көрсетеді” деген болатын Шавкат Мирзияев.


Тұңғыш Президентті еске алу шарасында құран оқылып, оның ел үшін атқарған қажыр-қайтартты қызметі мен асыл адами қасиеттері туралы айтылды.







