Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев түркиялық кәсіпкерлер мен кездесті
16:28 / 2020-02-20

бүгінгі күнде Өзбекстанға барып өз кәсібін ашқан кәсіпкер міндтті түрде пайда табады, деді Мемлекет басшысы


20 ақпанда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Анкарада Түркияның жетекші компаниялары және банк басшыларымен кездесті.

Кездесуде Түркия сауда палаталары мен биржалары қауымдастығы, Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA), «Гебзе» индустриалды өндіріс аймағы, «Зираат» банкі, «Зорлу холдинг», «Жошкуноз холдинг», «Экзачибаши», «Байкар», «Дунягоз», «Канимед саглик», «Бау глобал», «Хавелсан» сынды компания басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен сұхбатта «Өзбекстан кешегі Өзбекстан емес. Бүгін онда барып өз кәсібін бастаған компания сөзсіз пайда табады. Мен оған кепілдік беремін. Ол үшін қажетті құқықтық және институционалдық жағдайлар жасалады, - деді Шавкат Мирзияев.


Кездесуде Өзбекстан мен Түркияның министрліктері мен компаниялары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өзара жеткізу мен қызмет түрлерін кеңейту, клиникалар мен университеттер құру жөніндегі нақты жобалар талқыланды. Президент осы жоспарларды мақұлдап шенеуніктерге тез арада практикалық жұмысқа көшуді және оларды бюрократиялық кедергілерсіз жүзеге асыруды тапсырды.