Шавкат Мирзияев Түркияға барады
Сапар аясында Президент Шавкат Мирзияев Түркияның жетекші компанияларының басшыларымен кездеседі
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруына орай 19-20 ақпан күндері Түркияға барады.
Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан және Түркия арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы Анкарада өттін болып, онда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық, көлік және коммуникация, білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да басым салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы қарастырылады. Тараптар сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады.
Сапар аясында Президент Шавкат Мирзияев Түркияның жетекші компанияларының басшыларымен кездесіп, Түркия Президенттінің кітапханасы кешенінің ашылу салтанатына қатысады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.