Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
16:06 / 2020-03-18

Өзбекстан Республикасы Президентіның баспасөз қызметі хабары


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 18 наурызда Түркіменстан Республикасы Президенті Гурбангулы Бердімұамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайту, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықты, ең алдымен сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-коммуникация салаларын кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Сұхбат барысында Президенттер әлемге қауіп төндіріп тұрған коронавирус пандемиясына қарсы тиімді күресу мен екіжақты байланыстарға теріс әсерін болдырмау үшін үкіметтер деңгейіндегі тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударылды.

Сондай-ақ Президенттер Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық пен халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, жақындасып келе жатқан Нуарыз мерекесімен бір-бірлерін және екі елдің халықтарын құттықтады.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстан халқына бейбітшілік, жақсылық пен өркендеу тілеп, қазіргі қиын-қыстау шақта Түркіменстан жан-жақты қолдауға және жаңа қауіп-қатерлерді шешуге бірлесе күш салуға дайын екендігін айтты.

Өзбекстан Республикасы Президентіның баспасөз қызметі хабары.