Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс өтетін саммитіне қатысады
12:32 / 2020-04-10

Түркі кеңесінің кезектен тыс саммитінің соңында бірлескен деклорация қаблыдау жоспарланған


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 10 сәуірде Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің коронавирустың тарауына қарсы күресте жалпы күш-жігерді дамытуға арналған кезектен тыс өтетін саммитіне қатысады.

Атаулы шара осынау ұйымда төрағалық етіп тұрған Әзірбайжан бастамасымен ұйымдастырылып онды, Түркі кеңесіне мүше бес мемлекет Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Республикаларының Президенттері мен Түркіменстан басшысы мен Венгрия Премьер-министрінің қатысуы көзделген.

Сондай-ақ кезектен тыс өтетін осы бейнеконференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тодрос Адханом Гебрейсустыңда қатысуы жоспарланған.

Саммитте талқыланар күн тәртібіндегі тақырыпқа сай тараптар коронавирус пандемиясы тарауына жол бермеуге байланысты атқарылып жатқан алдыңғы шептегі жұмыстар жөнінде пікір алмасып, осы қауіпті індетке қарсы күресу мақсатында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланады және мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері мен басқа өкілетті органдар арасында серіктестіктің нақты механизмдері жасалады.

Түркі кеңесінің кезектен тыс саммитінің соңында бірлескен деклорация қаблыдау жоспарланған.