Шавкат Мирзияев Сырдариядағы бөгетті қалпына келтіру жөнінде тапсырмалар берді
Төтенше жағдайдың орын алғанына байланысты Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сырдария облысында болып тұр
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев төтенше жағдайдың орын алғанына байланысты қазіргі уақытта Сырдария облысында болып тұр.
Мемлекет басшысының басшылығымен орын алған жағдайға орай қатты уайымға берілмей халқты сабырға шақыра бөгеттің бұзылған орнын қалпына келтіру мақсатында арнайы комиссия жасақталды. Су басқан аумақтардағы адамдар эвакуацияланып қауіпсіз аймаққа жеткізіліпғ жылы жатақ, ыстық тамақ бәрімен қамтылған.
Бүгін Президент Шавкат Мирзияев Сардоба су қоймасында болып, дамбаны қалпына келтіру жұмыстарын көзден кешірді. Сарапшылармен мұқият талқылаудан кейін ол бөгеттің құрылысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.








