Шавкат Мирзияев Сырдарияға барды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысындағы техногендік апат орын алған жердегі құрылыс жұмыстары және ондағы халықтың жағдайымен танысу мақсатында «Мирзаобод» ауданына барды.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 13 қазанда Сырдария облысындағы техногендік апат орын алған жердегі құрылыс жұмыстары және ондағы халықтың жағдайымен танысу мақсатында «Мирзаобод» ауданына барды.
Бұдан бірнеше ай бұрын Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан сондағы қоныстанған халықтың 2211 қарашаңырағы бүлініп, 2499-ына жөндеу жұмысын жүргізетін жағдайға келіп қалған еді. Осы жағдайды өзі барып көрген Мемлекет басшысы қираған махаллаларды қалпына келтіріп қана қоймай, оларды одан әрі жақсартуға және баршаның әуесі келетіндей мекенге айналдыруға уәде берген болатын.
Сол мақсатта үш арнайы аймақ таңдалып 50 гектар аймаққа 5 қабатты 86 тұрғын-үй тұрғызылды. Қазір мұнда 2640 пәтер бар.
- Су тасқыны үлкен шығын әкелді. Және апатты жағдайдың салдарын жою мен адамдарды қысқа мерзімде разы етуге де тура келді. Бұл жағдайға анау-мынау елдің дәті жетебермейді. Біз әр-бір жанмен сөйлестік. Министрліктер, аймақтардан тартып, жедел үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырдық. Міне соңында суық күндерге қалдырмай, жанұяларды үймен қамтамасыз ете алдық. Ең үлкен мәселе - адамдардың көңіліндегі уайым сейіліп, ырза болды, - деді Шавкат Мирзияев.
Техногендік апатқа дейін бұл аймақтағы көптеген үйлерде газ жоқ болатын. Олар қазір газ, су, электр және басқа коммуникациямен қамтамасыз етіліп, бұдан бөлек - жаңа үй иелерінің алдыңғы аулалары да өз иелігінде қалды.


















