Шавкат Мирзияев: Сурхандария облысында мүмкіндіктердің оннан біріде жолға қойылмаған
Терміз қаласында Халық депутаттарының Сурхандария аймақтық кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр.
Терміз қаласында Халық депутаттарының Сурхандария аймақтық кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев сессияны ашық диалог ретінде өткізуді ұсынды.
-Нақты жағдайды айтатын адам біз үшін дос. Біздің кездесуіміз барлық мәселелерді өз орнына қойатындай маңызды болсын, - деді Шавкат Мирзияев.
Мемлекет басшысы пайдалы қазбаларға бай, үш ретке дейін жеміс алуға болатын табиғи жағдайға ие, халқы еңбексүйер Сурхандария облысында мүмкіндіктердің оннан бірі де жолға қойылмағандығы жайлы айтты. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім орташа республикалық көрсеткіштен 2,3 есе жоғары, қызмет көрсету екі есе, өнеркәсіптік өнім және экспорт 8 есе аз екенін атап өтті. Облыста экономикалық белсенді халықтың 10 пайызы жұмыссыз, ал ауыз сумен қамтамасыз етудің 54 пайыз екенін сынға алды.
Осындай мәселелерді шешу, облысты барлық жағынан өркендету мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған жалпы соммасы 23 триллион 632 миллион сумды құрайтын 649 инвестициялық жобалар жоспарланған. Осы жобалар шеңберінде 2,2 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестицияларды орынды пайдаланып, 11,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Сурхандарияның өзіне тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты шет елден инвестиция әкеліп, қазіргі заманғы кәсіпорындар құру, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту жөніндегі міндеттерді орындау жүктелді.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.