Шавкат Мирзияев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер қазіргі шақтағы ең проблемалы болған коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты эпидемиологиялық жағдайды талқылады
27 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында мемлекет басшылары Орта Азияға ортақ мереке Наурыз мейрамы мен бір-бірін шын жүректен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.
Сондан кейін Президенттер қазіргі шақтағы ең проблемалы болған коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты эпидемиологиялық жағдайды талқылап, осы пандемиямен тиімді күресу үшін күш-жігерді тығыз үйлестіру және өзара көмек көрсетуді жалғастыру мен қатар оның салдарының екі жақты сауда-экономикалық қатынастарға теріс әсерін болдырмау маңызды екені жайлы сөз етті.
Сондай-ақ Мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті байланыстарын және халықаралық - аймақтық маңызды мәселелерді талқылады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.