Шавкат Мирзияев іскерлік сапармен Санкт-Петербург қаласына келді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев іскерлік сапармен Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келді.
Жоғары мәртебелі мейманды «Пулково» халықаралық әуежайында Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко, Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.


Бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бейресми саммиті өтеді.