Шавкат Мирзияев Си Цзиньпинге көңіл айтужедел хатын жолдады
Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминнің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтып жеделхат жолдады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.
«Мемлекеттеріміз арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге зор үлес қосқан Цзян Цзэминнің бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген Мемлекет басшысының жолдаған хатында.
Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге және марқұмның отбасы мүшелері мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты, делінген хабарламада.