Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының ұлттық мерекесі - ҚХР құрылғанына орай, Қытай Төрағасы Си Цзиньпинге зор денсаулық, отбасылық бақыт, достаас Қытай халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
«Қытайдың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаңа қатерлер мен сынақтарға, атап айтқанда климаттың өзгеруі мен COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді әрекетінің маңызды үлесі, жоғары құрметке лайық.
Мен соңғы жылдары Өзбекстан мен Қытай арасындағы өзара сыйластық, сенім мен қолдау қағидаттарына негізделген достық пен жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары тұрақты түрде дамып келе жатқанын қуанышпен атап өткім келеді.
Арамыздағы достық пен өзара сенімге негізделген шынайы жеке қарым-қатынасымызды шын жүректен құрметтеймін. Сіздің көп қырлы өзбек-қытай ынтымақтастығына ерекше назар аударғаныңызды жоғары бағалаймын.
Сіздің алдағы мемлекеттік сапарыңыз бен Өзбекстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуыңыз біздің елдер арасындағы кең ауқымды серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге қызмет ететініне сенімдімін»,-делінген хатта.