16-17 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов брифингте мәлімдеп, журналистер үшін Президенттің осы аптадағы жоспары туралы хабардар етті.
Өткен жылы пандемияға байланысты ШЫҰ саммиті онлайн өтті. Бұл жолы Мемлекет басшыларының кездесуі офлайн өтпек. Айта кетерлігі, ШЫҰ-ның бұл саммиті Ұйымның 20 жылдығын мерекелеуге сәйкес келуде.
Мемлекет басшысы саммиттің бірінші күні, 16 қыркүйекте Ұйымға төрағалық етіп отырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ресей Президенті Владимир Путин және Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, 17 қыркүйекте Иран Президенті Ибрахим Раисимен екіжақты кездесу өткізеді.
17 қыркүйекте Мемлекет басшыларының кездесуі өтеді. Саммит соңында ШЫҰ-ға төрағалық Тәжікстаннан Өзбекстанға өтеді.
- Көптеген шетелдік сарапшылардың пікірінше, соңғы бес жылда Президент Шавкат Мирзияев жүргізген ауқымды жұмыстардың қорытындасына орай, Өзбекстанның ШЫҰ-ға төрағалығы қауіпсіздік пен ықтимал қатерлердің алдын алу тұрғысынан ерекше маңызға ие болады.
Дәл осы күні «Шанхай ынтымақтастық ұйымы - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы» отырысының жаңа форматты кездесуі өтеді. Онда тараптар Ауғанстандағы жағдайды талқылайды, - деді Шерзод Асадов.
Президент баспасөз хатшысының айтуынша, бұдан бөлек, апта ішінде Президент қатысуында әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша презентациялар өткізу жоспарланған.