Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев шекараны күзету мен қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде жиын өткізді
18:37 / 2020-02-13

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары


13 ақпанда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау жүйесін жетілдіру бойынша кеңес өтіп, онда Қауіпсіздік кеңесі аппарытымен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшылары қатысты.

Жиында, қазіргі күнгі жағдайға байланысты халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке төнетін қауіптерді ескере отырып, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін одан әрі арттырудың басым бағыттары айқындалып, заманауи автоматтандырылған шекараны бақылау жүйесі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жасау керектігі сөз болды.

Шекаралық әскери қызметшілердің кәсіби дайындығының сапасын арттыру, оларды әскери-патриотизм рухында тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды. Орталық Азия мемлекеттерінің шекара ведомстволарымен байланыстарды дәйекті дамыту, түрлі халықаралық ұйымдармен қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы және сапалы орындалуы және шетелдік серіктестермен трансшекаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы нұсқаулар берілді.

8d5305a8_549d_4ae4_dfc0_6e0081b12ac2.jpg

Президент Шавкат Мирзияев аймақтағы сауда, туризм байланыстары мен мәдени алмасуды нығайту және адамдардың ағынын арттыру үшін мемлекеттік шекарадан өту үшін азаматтар мен шетелдік қонақтарға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.