Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 қарашада Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің бейнеконференция түрінде өткен кезекті отырысына қатысты.
Ресей Президенті Владимир Путиннің төрағалығымен өткен отырысқа Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Хан, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров және Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди қатысты.
Бұдан бөлек саммитке ШЫҰ бақылаушы мемлекеттерінің өкілдері - Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани, Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулға, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченко, ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқару комитетінің директоры Джумахан Гиясов қатысып, онда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш саммитке қатысушыларға бейне үндеу жолдады.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, жаңа жаһандық қауіптер мен қатерлердің өсуі жағдайында ШЫҰ аясында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланып қана қоймай, ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттер делегацияларының басшылары басым бағыттар бойынша көпжақты қатынастардың бүгінгі жағдайын талдап, даму перспективалары, халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Өзбекстан Республикасы Президенті өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің дамуының принципиалды жаңа кезеңінде тұрғанын баса айтып, тату көршілік, теңдік, өзара сенім мен мүдделерді ескеру дәстүрлерін сақтауға және көбейтуге шақырды. «Біздің ортақ құндылықтарымыз, бірлесе дамуға деген ұмтылысымыз және мәдениеттер алуандығына құрметіміздің көрінісі болып табылатын көпжақты ынтымақтастықтың бірегей тәжірибесі, - «Шанхай рухын» нығайту бүгінде бұрынғыдан да маңызды, - деді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша өзара қолдау мен ымыраға бірлесе жол іздеу кең Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудің алғышарты ретінде атап өтілді. «ШЫҰ, әрқайсымыз мықты болған жағдайда ғана күшейеді».
Осыған байланысты Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар өзекті бастамаларды алға тарта отырып, пандемияның жағымсыз салдарын азайту мақсатында сауда-экономикалық ынтымақтастықты, азық-түлік қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға арналған ШЫҰ-ның ұзақ мерзімді құжаттарын қабылдау арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту ұсынды.
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының эпидемиялық қатерлерге қарсы іс-қимылының кешенді жоспарын бекітуді мақұлдады және қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына қарсы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруды, жұқпалы аурулар бойынша медициналық мекемелер желісін құруды, телемедицина саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды.
Бұдан бөлек. Өзбекстан Президенті саммитке қатысушыларды Ауғанстандағы бейбітшілік процесін және елдің аймақтық сауда-экономикалық байланыстарға қатысуын қолдау мәселесінде сырт қалдырған жоқ.
Осыған байланысты «ШЫҰ-Ауғанстан» диалогтық тобы шеңберінде Ауғанстанды тез арада әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіруге ықпал ететін практикалық шаралар жоспарын қабылдау ұсынылып, Ауғанстанға Орталық және Оңтүстік Азияны жалғайтын көпір ретіндегі тарихи рөлін қалпына келтіретін көлік дәліздерін салу бастамаларына ерекше назар аударылды.
Осы және басқа да мәселелер Өзбекстанның бастамасы бойынша 2021 жылы сәуірде Ташкентте өтуі жоспарланған «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық тәуелділік. Тәуекелдер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін.
Келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына 20 жыл толады. Осы маңызды дата қарсаңында Президент Шавкат Мирзияев «ШЫҰ-ның қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі» атты халықаралық форум өткізуді ұсынды.
Саммит қорытындысына орай ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің Мәскеу декларациясы қабылданып, ұйым аясында өзара тиімді көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құжаттар жиынтығына қол қойылды.