Шавкат Мирзияев сауда кешеніндегі баға және қызметпен танысты
Президент Шавкат Мирзияев аймақтарды аралауға барғанда халықтың арасына кіріп, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақыннан зерттейді. Өмір сүру деңгейі ең алдымен ішкі нарықтағы өнімдер мен бағалардан көрінеді.
Жаңа жыл қарсаңында Қаршы қаласында көпқабатты сауда кешені іске қосылған еді. Онда азық-түлік, тұрмыстық техника, тұрмыстық тауарлар дүкендері мен ойын-сауық орындары бар.
Бүгін Президент осы кешенге барып, азық-түлік және тұрмыстық техника дүкендерін аралады. Өнімдердің сапасы мен бағасына мән берді. Олардың басым бөлігі республикада шығарылатынын жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы сатып алушылармен әңгімелесу барысында олардың азық-түлік өнімдері мен көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы пікірлеріне қызығушылық танытты.








