Шавкат Мирзияев Сардоба су қоймасындағы жұмыстарды көзден кешірді
Президент Шавкат Мирзияев атқарылған жұмыстарды мұқият бақылап, жауапты мамандарға қажетті тапсырмалар берді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасында орын алған апатты ортаға бүгін 3 мамырда тағыда барып, ондағы құрылыс жұмыстарды көзден кешірді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұл су қоймасы Сырдария және Жыззақ облыстарының 6 ауданының егін даласын сумен қамтамасыз ету үшін салынған болып, болған жағдайдан кейін қазірде су тасқыны болған жерде 2 құрылыс бригадасы жасақталған. Олар дамбаның сол және оң жағалауында құру жұмыстарын жүргізуде. Атаулы аймақтағы процеске жүздеген білікті мамандар мен мыңнан астам арнайы техника тартылған. Үлкен тас, бетон блоктары мен плиталар және басқа да қолайлы құрылыс материалдары әкелініп, бөгеттің алдында жартылай шеңберлі қоршау салынуда. Инженер-жұмысшылар мен жүргізушілерге барлық жағдайлар жасалған және жұмыс күндіз-түні жалғасуда.
Президент Шавкат Мирзияев атқарылған жұмыстарды мұқият бақылап, жауапты мамандарға қажетті тапсырмалар берді.
Су тасқыны негізінен Сырдария облысының Сардоба, Ақалтын және Мырзабат аудандарындағы елді мекендер мен аумақтағы егін даласына зиян келтірген. Үкіметтік комиссияның жедел шараларының нәтижесінде осы аудандардағы 22 ауылды-мекеннен 60 мыңнан астам адам эвакуацияланды.